Lifestyle

Ең қарт қазақ әйелі 112 жаста дүние салды

Нәфиза Жарылғапова
фото: SAMARA QAZAQTARY

Орал қаласында 112 жастағы кейуана Нәфиза Жарылғапова дүние салды. Азалы хабарды Самара қазақтары паблигі таратты.

Нәфиза Исламбекқызы 1914 жылы туған. Кейуана бір ғасырдан астам ұзақ ғұмырының көп бөлігін Орынбор өңірінде өткізген. Кейінгі жылдары Ресейдің Самара облысына тұрақтаған.

Самара қазақтары паблигі Нәфиза апаның Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келіп, патша үкіметінің құлауы, совет билігі орнауы секілді тарихи кезеңдерді бастан кешіріп, Екінші дүниежүзілік соғыс зардабын тартқанын атап өтті.

Ғұмырының соғы күндерін кейуана Орал қаласында тұратын ұлының шаңырағында өткізіп, сол жерде 8 қаңтарда бақилық болды.

Бес баланы дүниеге әкелген Жарылғапованың 24 немересі, 52 шөбересі және 32 шөпшегі бар.