
Таиландта бір топ турист мінген катер апатынан Қазақстанның сегіз азаматы зардап шекті. Бұл туралы Kursiv.Media тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Катер бортында Қазақстанның сегіз азаматы болған. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Үш қазақстандық ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқастардың жағдайын тұрақты деп бағалады», – деп жауап берді СІМ.
Министрлік мәліметінше, апатқа ұшыраған туристердің шығынын сақтандыру компаниясы өтеді. Бұған қоса, Қазақстанның Таиландтағы консулдығы азаматтармен үнемі байланысқа шығып, қажетті көмек беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Таиландтың Пхукет аралында бір топ турист мінген катер балық аулайтын кемемен соғысқан. Апаттан кейін катер теңізге батып кеткен. Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен таңертең сағат 9:10 шамасында, Андаман теңізінде болған.
Туристік катерде барлығы 52 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі отырған. Апаттан Ресейдің бір азаматы қаза тапқан.