Трамп өзін «Венесуэла президенті» ретінде бейнелейтін сурет жариялады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Трамп өзін Венесуэла президенті деп жариялады
фото: Трамптың Truth Social әлеуметтік желісінен

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде ерекше сурет жариялады. Уикипедияға ұқсас скриншотта Трамп Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жазылған.

Суретте Трамп «жаңа қызметіне» 2026 жылдың қаңтарына кірісті деп көрсетілген. Ал АҚШ президенті деген лауазымы өзгеріссіз тұр.

Бірақ ресми Уикипедиядағы Трамптың өмірбаянында мұндай ақпарат жоқ, Венесуэланың уақытша президенті деп көрсетілмеген.

3 қаңтарда АҚШ Венесуэла астанасы Каракаста арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуро мен оның әйелін ұстады. Оларды тұтқындап, Нью-Йоркке жеткізді.

Осыдан кейін Трамп елді АҚШ басқарады деп мәлімдеді. Венесуэланың уақытша президенті ретінде Делси Родригес  тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз