Жақын күндері Алматыда крематорий ашылмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қалада крематорий салу жоспары алғаш рет 2020 жылдың жазында белгілі болған / фото: KursivMedia мұрағаты
Қалада крематорий салу жоспары алғаш рет 2020 жылдың жазында белгілі болған / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Алматыда алғашқы крематорийдің ашылуына дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Zakon.kz мәліметінше, 2026 жылғы 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелген.

«Жаңа ережелер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанда алғаш рет заңнамалық деңгейде кремация жүргізуге мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Алматы ҚДСБ баспасөз қызметі.

Бұйрық күшіне енгеннен кейін, Алматы крематорийі барлық санитарлық және құқықтық талапты сақтай отырып жұмысын бастайды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта кремация қызметтерінің бағалар тізімі қалалық патологоанатомиялық бюроның бақылау кеңесі арқылы бекітіліп жатқаны нақтыланды.

Қалада крематорий салу жоспары алғаш рет 2020 жылдың жазында белгілі болған.

Құрылыс аяқталғаннан кейін оның іске қосылуы бірнеше рет кейінге шегерілді.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды мұның алдында Алматыдығы крематорийді күтіп-ұстауға қаржы кетпейтіні туралы мәлімдеген.  

Сондай-ақ оқыңыз