Жаңалықтар

20 қаңтар күні Қызылордада Ұлттық құрылтай отырысы өтеді

Ұлттық Құрылтай – Президент жанындағы кеңесші орган. /Фото: akorda.kz
Ұлттық Құрылтай – Президент жанындағы кеңесші орган. /Фото: akorda.kz

Биыл, 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Отырысқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Ұлттық құрылтай 2022 жылдың маусым айында президенттің жарлығымен құрылды. Осыған дейін қоғам мен билік арасындағы диалог алаңы болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылып, оның орнына жаңа форматтағы кеңесші орган ретінде Ұлттық құрылтай жұмысын бастады.

Осы уақыттан бері Ұлттық құрылтайдың отырыстары Түркістан, Атырау, Ұлытау және Бурабай қалаларында өтті. Әр жиында ел дамуына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, қоғамдық пікір ескерілген ұсыныстар айтылды.