Алматыда бір бөлмелі үйге 109 адамды тіркеген үй иесі бір жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Осы үшін пәтер иесі жауапкершілікке тартылып отыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Осы үшін пәтер иесі жауапкершілікке тартылып отыр / фото: KursivMedia мұрағаты

Алматыда бір бөлмелі үйге 109 адамды тіркеген үй иесі бір жылға сотталды. Оған заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген айып тағылды.

Zakon.kz хабарлауынша, бұл жайтты Алматы қаласының прокуратурасы анықтаған. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бір бөлмелі пәтердің қожайыны 109 адам тіркеп, сол үшін сыйақы алып жүрген.  Алайда олардың ешқайсысы бұл мекенжайда тұрмаған.

Осы үшін пәтер иесі жауапкершілікке тартылып отыр. Прокуратураның ақпаратынша, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот құқық бұзушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

Айта кететін жайт, Қазақстанда үйге адам тіркеу толықтай онлайн форматқа көшті.

Сондай-ақ оқыңыз