Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды / Фото: Shutterstock

Ауа райының нашарлауына байланысты Астанадағы бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары уақытша қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шешім қолайсыз ауа райы кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Қашықтықтан оқыту режимі 2026 жылдың 14 қаңтарында бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына қатысты.

Осыған дейін алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайтынын жазған едік. Солтүстік-батыс циклонының арқасында елде қар, жаңбыр, боран және көктайғақ болады деп болжанды.

Сондай-ақ оқыңыз