Жаңалықтар

Ата-ана баласының есірткі қолданып-қолданбайтынын үйде де анықтай алады

Наркотест барлық дәріханада сатылады/фото: shutterstock

Полиция баланың есірткі тұтынып-тұтынбайтынын анықтауға қатысты ата-аналарға кеңес берді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов бақылауды мемлекет емес, ата-ана жүргізу керек екенін алға тартты.

«Ата-ана баласының есірткі қолданатынын неғұрлым ертерек анықтаса, емдеуді бастау немесе психологиялық түзетудің түрлері мен басқа да ықпал ету әдістерін қолдану мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Дәріханаларда «наркотест» сатылады. Олар анықтағысы келетін есірткі түріне қарай 6, 12, 24 немесе 48 түрге арналған деп сатылады. Бағасы да соған байланысты. Ең арзаны 4 500 теңге тұрады», – дейді Әлжанов.

Қазір ата-аналарға осы ақпаратты жеткізу бойынша жұмыс басталған.

Айта кетейік, 2025 жылы есірткіге байланысты құқықбұзушылықтар бойынша 6 426 қылмыстық іс сотқа жіберілген.