Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкент қалалық полиция департаментінің дерегінше, 11 қаңтар күні кешке 21 жастағы қызды пышақтап, өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ұсталған.
«Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді. Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды» делінген полиция хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған.
«Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде» деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, 11 қаңтар күні кешке Шымкенттегі Төлеметов көшесі мен Өтегенов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолында 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болған.