Елена Рыбакина Australian Open қарсаңында жеңіске жетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина выиграла у Жасмин Паолини выставочный матч в Мельбурне
фото: kursiv.media архиві

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингі – 5) Мельбурн қаласында өткен көрме матчында италиялық Жасмин Паолиниді (7) жеңді. Кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Брисбен турнирінің ширек финалынан кейін және Australian Open басталар алдында Рыбакина Мельбурн корттарына бейімделу мақсатында ойын тәжірибесін арттырып жүр.

Осыған дейін Рыбакина мен Паолини арасындағы жеке кездесулердің есебі 3:3 болған. Алайда WTA статистикасында көрме матчтары есепке алынбайды. Соған қарамастан, бұл жеңіс Елена үшін маңызды дайындық кезеңі болды. Сонымен қатар Australian Open–2026 турниріне арнайы әзірленген жаңа ойын формасын алғаш рет кортта көрсетті.

Australian Open негізгі турнирінің жеребесі 15 қаңтар күні тартылады. Рейтингке сәйкес, Елена Рыбакина жарысқа бесінші нөмірмен тіркелді.

Australian Open: Қазақстан атынан кімдер қатысады?

2026 жылғы Australian Open турнирінде Қазақстан намысын бірнеше теннисші қорғайды. Атап айтқанда, әйелдер арасында Анна Данилина (14), Юлия Путинцева (105) және Зарина Дияс (285) сынға түссе, ерлер арасында Александр Бублик (11) пен Александр Шевченко (104) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Australian Open – теннистегі «Үлкен дулыға» беделді турнирлерінің бірі. Турнир алғаш рет 1905 жылы Австралия чемпионаты атауымен ұйымдастырылған. Әлемдік соғыстар кезінде (1916–1918 және 1941–1945 жылдары) жарыс өткізілмеді.

114-ші Australian Open турнирінің негізгі кездесулері Мельбурн қаласында 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. 2026 жылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 74,8 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артты.

Қазіргі таңда Australian Open жекелей сындағы чемпиондары италиялық Янник Синнер (2) және АҚШ өкілі Мэдисон Кис (9). Ал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2023 жылы AO турнирінің жеңімпазы атанған.

Сондай-ақ оқыңыз