Хасан Қасымбаевтың ісі сот алқасына берілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Хасан Қасымбаевтың ісі Алматы облысындағы апелляция сотта қаралады/коллаж kursiv.media

12 жылға сотталған Хасан Қасымбаевтың ісі Алматы облысындағы апелляциялық сотта қаралады. Бұл туралы сот кабинетіндегі ақпаратта көрсетілген.

Бұған дейін сотталғандардың адвокаттары бірінші сатыдағы сот үкіміне шағым түсіргені айтылды.

Қылмыстық іс бойынша үкімге шағым Хасан Қасымбаев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Аскаровтан түскен. Іс материалдары 2026 жылдың 13 қаңтарында судьяға берілген. Алайда істі қарайтын сот алқасының құрамында бар судьялардың аты-жөні көрсетілмеген. Іс материалдары да жарияланбайды.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін атала бастады. Талғардағы қылмыстың «Хуторлықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланысы бары айтылды.

Олар Қылмыстық кодекстің үш бабы – адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру, қорқытып алу әрекетін жасады деген айыпталды.

Сондай-ақ оқыңыз