КҚК арқылы өтетін мұнай экспорты  45%-ға азайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Шығарушы редактор, шеф-редактордың орынбасары
фото: ашық дереккөзден

Каспий құбыры консорциумы (КҚК) арқылы әлемдік нарыққа тасымалданатын қазақ мұнайының экспорты осы жылдың қаңтарында күрт қысқарды. Bloomberg хабарлауынша, тиеп жөнелту шамамен 45%-ға азайған.

Трейдерлер мәліметінше, осы айда CPC Blend сортының экспорты тәулігіне бар болғаны 800–900 мың баррель болады. Бастапқыда 45 партия жөнелту керек болғанымен, қазір тек 21-і ғана жіберілген. Бұл нарыққа да әсер етіп, Қазақстан мұнайы соңғы бір жылда алғаш рет үстеме бағамен саудаланып жатыр. Негізгі эталон саналатын Dated Brent сортының бағасы барреліне 1,2 доллар үстемақымен жасалды.

Мұнай экспорты неге азайды?

Басты себеп – Новороссийск теңіз терминалының жұмысындағы ақау. Қазақстан мұнай жөнелтуді толық орындау үшін екі қашықтан айлақтау құрылғысы керек. Бірақ қазір тек оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр, оның өзінде ақауы бар.  

Ауа-райының нашарлауы да мұнай жөнелтуді бірнеше рет тоқтатты. Екінші станциядағы техникалық қызмет көрсету жағынан кешікті. Ал үшінші станция қараша айының соңында зақымдалған болатын.

«Терминал жұмысындағы үздіксіз іркілістер Brent маркалы мұнайына деген сұраныстың өте жоғары болуына ықпал етті», – деп атап өтті Energy Aspects сарапшылары.

Кей дереккөздердің сөзінше, қазір КҚК өндірушілерден мұнай қабылдауды тағы да тоқтатқан, себебі мұнай сақтайтын резервуарлар толып қалған.

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-ы КҚК арқылы тасымалданады. Украина дрондарының шабуылы күшейгеннен кейін бұл бағыттың жұмысында кедергілер көбейе түсті. Тәуекелі көп болғанымен инвесторлар көпшілігі дәл осы маршрут арқылы мұнай тасымалдауды таңдайды.

КҚК бағытына балама болатын бағыттар бар ма? Ол қаншалықты тиімді? Бұл туралы Kursiv Media арнайы материал дайындаған еді, мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз