Жаңалықтар

Қолма-қол ақша шығару лимиті: Кірістер комитеті жаңа ережені түсіндірді

Қолма-қол ақша шығару лимиті: Кірістер комитеті жаңа ережені түсіндірді / Фото: Shutterstock

Енді Қазақстанда кәсіпкерлер үшін ақша шығару лимиті қолданылады. Егер сізге осы сомадан артық қажет болса, өтініш беруі қажет, деп хабарлайды Uchet.kz.

Бір ай ішінде шығаруға болатын шекті сома:

  • 20 млн теңге – шағын бизнес;
  • 120 млн теңге – орта бизнес;
  • 150 миллион – ірі бизнес.

Егер қажет сома лимиттен жоғары болса, банк бірнеше талап қояды:

  • ақшаны алудың мақсатын түсіндіру;
  • клиенттің Мемлекеттік кірістер комитетіне деректерді беруге жазбаша келісімі.

«Кәсіпкер банкке ақша алуға өтінім беріп, алу мақсатын растауы қажет. Осыдан кейін банк өтінішті Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды», – деді ҚР ҚМ басқарма басшысының орынбасары Ернар Таубеков.

Кірістер комитеті осы компанияда тәуекелдің бар-жоғына өтінімді тексереді. Содан кейін банктің өтінімі келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МКК-дан жауап келеді.

Алу мақсатын растау үшін құжаттарды қоса беруге болады. Олардың ішінде: шарт, бұйрық, өкім, шығыстар сметасы, шот-фактура, төлем шоты, жалақы ведомосы, сот шешімі, инвойс, сатып алу актісі және сатып алу ведомосы бола алады.