Lifestyle

«Секс емес, ұрпақ керек»: Омар Жәлелдің тоқалы жан сырын ақтарды

фото: скрин

Абайтанушы, қоғамда жиі пікірталас тудырып жүрген Омар Жәлелдің жеке өміріне қатысты даулы әңгіме шықты. Бұл жолы Омар Жәлелдің екінші әйелі, психолог әрі аудармашы Ләззат Мырзаш «Әңгіме бар» подкастында көпшілікке бұрын беймәлім жайттарды ашық айтты.

Подкаст барысында Ләззат Мырзаш Омар Жәлелмен арадағы отбасылық қарым-қатынастың қалай аяқталғанын, қазіргі жағдайдың қандай екенін баяндады. Оның айтуынша, бүгінде Омар Жәлел оны барлық жерде блокқа тығып, 1 жылдан бері мүлде байланысқа шықпай отыр.

Қазір мен төрт баламды жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Әкелері тарапынан ешқандай араласу жоқ, – дейді Ләззат.

Оның сөзінше, балалардың жағдайы да алаңдатарлық. Ана ретінде бар жауапкершілік тек өз мойнында қалғанын айтады.

4 әйелден 30-дан аса баласы бар

Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлелдің төрт әйелі және 30-дан астам баласы бар.

«Маған секс керек емес, ұрпақ керек» деп өзі айтатын» – дейді подкаст қонағы.

Сонымен қатар Ләззат Мырзаш Омар Жәлелдің басқа әйелдері де сотқа жүгінуді ойластырып жүргенін меңзеді.

YouTube video player

Омар Жәлел тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ. Бұған дейін, абайтанушыдың өзі бірнеше сұхабаттарында «ұрпақсыз өткеннен ойнастан бала тапқан артық» деп айтқан еді.