Астанадағы LRT құрылысына 2025 жылы 332,4 млрд теңге жұмсалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ЛРТ
Астанадағы ЛРТ желісі тағы ұзарады / Фото: kursiv.media, Дина Карамчакова

2025 жылы Астана қаласында салынып жатқан Light Rail Transit (LRT), яғни жеңіл рельс көлік жүйесінің құрылысына барлығы 332,4 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Kursiv.Media хабарлады.

Қаржы министрлігінің былтырғы республикалық бюджет есебінде LRT құрылысына жұмсалған шығын көлемі осындай деп жарияланған. Құжатта қомақты қаражат Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебімен алынғаны айтылған. Ақша «әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске» құрылысын аяқтау үшін аударылған.

Оның алдындағы жылдармен салыстырар болсақ, қордан LRT-ге 2024 жылы 28,4 млрд, ал 2023 жылы 52,4 млрд теңге бөлінген. Ең көп қаражат былтыр аударылып отыр.

Қазақстан тарихындағы ең қымбат құрылыстардың бірі шамамен он жыл бұрын басталған. Үкімет 2017 жылы Астанада жеңіл рельс тарту үшін Қытайдан 1,5 млрд доллар несие алған. 2019 жылы жоба тоқтап қалды. Өйткені 5,8 млрд теңге қолды болғаны анықталды.

Құрылыс 2023 жылы қайта басталды. Енді жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып жатыр.

2025 жылғы күзде жеңіл рельспен жүретін көліктерді сынақтан өткізіп жатыр. LRT 2026 жылы жұмыс істей бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз