Азаматтар жеке үй салуды күрт доғарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
үй салу жеке тұрғын үй құрылысы
фото: shutterstock

2025 жылы азаматтар жеке үй салуды күрт доғарды. Бұл туралы Kursiv.Media Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, былтыр құрылыс саласы 15,9%-ға өсті. Оны ақшамен есептегенде, 10,7 трлн теңгеге жетті.

Мұнда жайлы мектептер, ауруханалар және спорт кешендер сияқты әлеуметтік нысандар көп. Сонымен бірге құрылысы саласының дамуына көлік және коммуналдық инфрақұрылымды кеңейту де әсер етті. Құрылыс елдің 19 аймағында өсті деп таратты министрлік.

2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 20,1 млн шаршы метрге жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға көп. Аймақтардағы көрсеткіш:

  • Жетісу облысында – 11%;
  • Алматы облысында – 10,2%;
  • Қарағанды облысында – 9%;
  • Астанада – 8,5%;
  • Қызылорда облысында – 8,4%.

Былтыр Қазақстанда көп пәтерлі үйлердің ауданы 13,5 млн шаршы метр болып, өсім 10% болған. Есесіне жеке тұрғын үйлердің ауданы 6,4 млн шаршы метрге әзер жетті, яғни мұндағы құрылыс қарқыны 3,4%-ға төмендеген. Мұндай теріс көрсеткішке елде 2025 жылы құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз