Ирандағы халық көтерілісі кезінде 2 мыңнан астам адам қаза тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
В Иране за неделю протестов погибли не менее 16 человек
фото: shuttetstock

Иранда жарты айға созылған көтеріліс барысында 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters парсы шенеунігінің мәліметіне сүйене отырып таратты.

Агенттіктің мәліметінше, билік өкілі «содырларды» бейбіт халық пен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін қырды деп айыптаған. Осылайша Тегеран көтерілісті күшпен басу кезінде көп адам қаза тапқанын алғаш рет мойындап отыр.

Reuters мәліметінше, парламент депутаты Мохаммадреза Сабагиан билікті халық талабын орындауға шақырған.

«Бір нәрсені естен шығармау қажет: халық наразы, шенеуніктер мен үкіметке, парламентке де оның көңілін табу керек, әйтпесе мұндай оқиғалар қайталана береді», – дейді Сабагиан парламент сессиясында.

Бұл уақытта CNN телеарнасы Тегеранға жақын маңдағы мәйітхана қара қапқа салынған мәйіттерге толғаны туралы жазды. Бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтарын қорғау ұйымының дерегінше, Кахризак медициналық орталығындағы уақытша мәйітханада шамамен 250 адамның сүйегі жатыр.

Бұған дейін HRANA қақтығыстар кезінде 646 адам қаза тапқанын растаған. Ұйым дерегінше, наразылық басталғалы бері 10 721 адам ұсталған.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Түрк наразылыққа шыққан адамдар өлім жазасына кесілуі мүмкін деп алаңдайды. Ұйым өкілі Ирандағы бірнеше аурухана қақтығыстардан зардап шеккендерге толып кеткені туралы мәліметке сүйенген. Оның үстіне, жақында Тегеран прокуроры Әли Салехи көшеге шыққандардың бірқатары өлім жазасына кесіледі деп қорқытқан.

Ирандағы толқулардан мәлімет алу қиын. Себебі билік бүкіл елде интернет пен байланысты шектеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз