Жаңалықтар

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектебі ашылады (фото)

Саттарханов атындағы футбол мектебі
фото: gov.kz

Түркістан қаласында боксшы Бекзат Саттарханов атындағы футбол балалар мектебі ашылады. Құрылыс аяқталуға жақын. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Жаңа орталық балалар мен жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттап, болашақ кәсіби спортшыларды тәрбиелейді.

Спорт кешенінің жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр. Ол үш гектар аумақта орналасқан. Ашық футбол алаңының құрылысы аяқталуға жақын. 200 орынға арналған жатақхана мен 550 адамға лайықталған оқу ғимаратының құрылысы толық аяқталған. Алдағы уақытта қосымша ашық алаң мен спорт кешенін салу жоспарланып отыр.

Саттарханов атындағы футбол мектебі
фото: gov.kz
Саттарханов атындағы футбол мектебі
фото: gov.kz

Бекзат Саттарханов – Сидней-2000 Олимпида ойындарының чемпионы. Боксшы осы биікті 20 жасында бағындырды. Ол 2000 жылғы 31 желтоқсанда Түркістан-Шымкент тас жолында апатқа ұшырап, қайтыс болды.