Алматы-Қызылорда рейсінің ұшағы не себепті қайта оралды: Air Astana түсініктеме берді

Жарияланды (жаңартылды )
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Air Astana/Фото: Shutterstoc

13 қаңтар күні Алматыдан Қызылордаға бағыт алған КС985 рейсіндегі Airbus A320 ұшағы әуеге көтерілген соң қайта оралған. Air Astana экипаж ұшақты не себепті Алматы әуежайына кері қайтарғаны жайлы түсіндірді.

Air Astana мәліметінше, Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан ұшақ Алматыға оралған.

«Ақаулар анықталмағандықтан, әуе кемесі қайта пайдалануға берілді. Алматыдағы ауа райына және Airbus NEO әуе кемелеріндегі пайдалану шектеулеріне байланысты компания әуе кемесін FlyArystan ұшағына ауыстыруға мәжбүр болды, осыған байланысты рейс одан әрі кідірді», – делінген хабарламада.

Ұшақ Алматыдан сағат 02:34-те қайтадан ұшып шыққан. Жалпы 12 сағат 24 минут кешіккен. Компания жолаушыларға тамақ пен сусын ұсынып, 36 жолаушыны қонақүйге орналастырған.

Сондай-ақ оқыңыз