
АҚШ Мемлекеттік Департаменті 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатты. Бұл шешім өтініш берушілерге бақылауды күшейту шеңберінде қабылданды, деп хабарлайды DW.
Ақпаратқа сүйенсек, жаңа шара 21 қаңтардан бастап әрі қарай ескертілгенге дейін күшіне енеді. Ресейден басқа шектеуге ұшыраған елдер тізіміне Ауғанстан, Бразилия, Египет, Иран, Ирак, Йемен, Нигерия, Сомали, Тайланд және «басқа елдер» кіреді.
FOX News мәліметінше, мемлекеттік Департамент басшылығы қызметтік жазбада шешімді «қоғамға ауыртпалық түсіруі мүмкін деп саналатын өтініш берушілердің қызметін тоқтату» ниетімен түсіндіреді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Мемлекеттік департаменті қылмыстық әрекетке байланысты 100 000-нан астам визаның күшін жойды.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Дональд Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттерге қатысты саясатын күшейту аясында алты мыңнан астам студенттік визалардың күшін жойғаны туралы хабарланған болатын.