Астанада 15 қаңтарда кейбір оқушылар онлайн оқиды
Жарияланды

15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына Астанада кейбір оқушылар онлайн режимде оқитын болады. Бұл туралы елордалық Білім басқармасы хабарлады.
«2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Осыған дейін алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайтынын жазған едік. Солтүстік-батыс циклонының арқасында елде қар, жаңбыр, боран және көктайғақ болады деп болжанды.
14 қаңтарда да бірінші ауысым онлайн оқыған еді. Алайда тек 0-9 сынып оқушылары онлайн оқыған болатын.