
Қазақстанда білім беру саласын цифрландыру трансформацияланып жатыр. Кейінгі уақытта отандық платформалар мемлекеттік стандарттар мен пайдаланушылардың сұранысына интеграцияланғанын көрсетті. Қазір бұл салада екі негізгі ойыншы бар – BilimClass пен Kundelik. Екі жүйенің айырмашылығына тоқталып көрейік.
Жеке деректерді қорғау
Жеке деректерді қорғау мәселесі 2025 жылдың соңында өзекті бола түсті. BilimClass Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін отандық платформа екенін көрсетті. Kundelik – шетелдік өнім.
Айырмашылығы да жұмыс барысында байқалды. 2025 жылдың соңында Kundelik деректердің тарап кетуіне байланысты даумен бетпе-бет келді. Оқушылар мен ата-аналардың жеке мәліметі тарап кеткені туралы хабарламалардан кейін операторға ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Ал BilimClass жүйесіндегі ережелер деректердің таралу қаупін барынша азайтады.
Оқушы үлгерімін бағалау
Білім беру саласындағы мектеп директорынан бастап облыстық білім басқармасына дейінгі мамандар деректердің сапасы аса мән береді. BilimClass автоматтандырылған білім беру мониторингі жүйесін енгізген. Бұл жүйе аудандар мен мектептер бойынша үлгерімге қатысты нақты деректі көруге мүмкіндік береді. Kundelik платформасында мұндай сараптама жоқ.
Отандық жүйеде «Пәндерді аттестациялау» функциясы бар, ол бағаларды кейіннен өзгертуге мүмкіндік бермейді. Kundelik платформасында бағаны кейіннен түзетуге болады, бұл қорытынды бағаның шынайылығына күмән келтіреді.
BilimClass-та бір оқушы дерегі екінші рет қайталанбайды. Яғни 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқу тарихы сақталады. Ал Kundelik жүйесінде бір оқушы мәліметі қайталанатын жағдай кездеседі және тұтас хронология қалыптаспаған.
Ақы төлеу қажет пе?
BilimClass пайдаланушылары BilimLand, iMektep, iTest, ChatGPT for Education жүйесін тегін қолдана алады. Платформаның мобильді қосымшасы да толық тегін және жарнама жоқ.
Kundelik платформасының мобильді қосымшасында көптеген функция мен білім беру материалдары ақы төлеген жағдайда ғана қолжетімді.
Мұғалімдер жұмысы жеңілдейді
Педагогтің күнделікті жұмысына келсек, BilimClass анағұрлым автоматтандырылған. Жүйеде күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар сақталып, оларды келесі оқу жылына көшіру мүмкіндігі бар. Kundelik жүйесінде мұғалімдер деректерді қайта енгізуге мәжбүр.
Видео конференциялар BilimClass интерфейсіне тікелей енгізілген. Kundelik Zoom, Teams сияқты сыртқы сервистерді пайдалануды талап етеді.
Пайдаланушылар пікірі
2025 жылдың мамырында 10 өңірде білім басқармалары сауалнама жүргізді. 46,6 мың мұғалімнің 66,4%-ы BilimClass платформасын анағұрлым ыңғайлы деп таңдаса, Kundelik-ті небәрі 17,4%-ы қолдаған. 139,4 мың ата-ананың 59,4%-ы да отандық жүйеге басымдық берген.
Электронды күнделік жұмысын кім реттейді?
BilimClass пен Kundelik сияқты платформалардың қызметі бірнеше ведомствоның бірлескен бақылауында. Оларға қойылатын талаптар цифрлану мен қауіпсіздік бағытында жыл сайын күшейіп келеді.
Басты реттеуші – Оқу-ағарту министрлігі. Негізгі құжат – педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесі көрсетілген №130 бұйрық. Платформалар журнал, табель, бұйрықтарды бекітілген формаға сай цифрландыруға міндетті.
Министрлік электронды күнделіктердің мемлекеттік дерекқормен үздіксіз интеграциялануын талап етеді. BilimClass деректерді жан басына шаққандағы қаржыландыру үшін e-Qazyna порталына дұрыс жүктейді, ал өзге платформаларда бұл жағынан қиындықтар кездеседі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҰҚК техникалық қауіпсіздікке жауапты. Платформалардың серверлері Қазақстан аумағында орналасуға тиіс. «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңның сақталуы қатаң бақыланады. 2025 жылы Kundelik операторына айыппұлдар да дәл осы қауіпсіздік талаптарын бұзу мен деректердің таралуына байланысты салынған.
Kundelik-тегі деректер тарап кетті
2025 жылдың 12 желтоқсанында БАҚ-та Kundelik жүйесінен мыңдаған қазақстандық оқушының жеке дерегі тарағаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі тексеру жұмыстарын бастады. Сол күні Kundelik компаниясының өкілдері жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
Бір аптадан кейін министрлік платформада сыртқы хакерлік шабуылдың белгілері анықталмағанын хабарлады. Соған қарамастан, деректердің қалай тарап кеткенін анықтауға бағытталған жұмыстар тоқтаған жоқ.
Тексеру аясында ата-аналарға балаларының дерегі тараған жағдайда қайда жүгіну керек екені, шағымдану тәртібі түсіндірілді. Тергеу нәтижесінде Kundelik компаниясы деректердің таралуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 2,9 миллион теңгені құрады.