Lifestyle

Димаш Құдайберген Шанхайдағы әйгілі фестивальде өнер көрсетеді

Қазақстанның халық әртісі Димаш Кұдайберген
Димаш Құдайберген Шанхайдағы әйгілі фестивальде өнер көрсетеді / Фото: dimashnews.com

2026 жылы 16 қаңтарда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласындағы музыка фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Димаштың ресми сайты.

«Құрметті достар! 16 қаңтарда Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласында өтетін 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестиваліне қатысады», – делінген ресми хабарламада.

Tmall NEWTY Festival Offline Events – Қытайдағы Alibaba Group-қа тиесілі Tmall платформасы ұйымдастыратын офлайн іс-шара. Шарада әдетте онлайн-сауда фестивальдерін (мысалы, Double 11 немесе басқа маусымдық кампаниялар) қолдау мақсатында өткізіледі. Осыған дейінгі жылдары бұл фестивальге Мэрайя Кэри мен Николь Кидман сынды әлемдік жұлдыздар келген.

Димаш Құдайберген испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго және хорват виолончелисті HAUSER-мен бірге өнер көрсетеді. Концерт 2026 жылдың 18 сәуірінде Будапеште өтеді.