Коуч Бақытбай Сабырбек ерекше баланың анасынан кешірім сұрады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: инстаграм парақшасынан скрин

Көпшілік алдында ерекше баласы бар аналарды кемсіткен коуч Бақытбай Сабырбек кешірім сұрады. Сөзінше, оның әңгімесін дұрыс түсінбей қалған. Айыбы ретінде әйелге және отбасына қажылыққа екі билет сыйлады. Бұл туралы коучтың өзі парақшасында жариялады.

«Кеше ерекше баласы бар әйелмен әңгіме болған. Балжан ханым, ауыр сөздер айтқаным үшін сізден бүкіл халықтың алдында иіліп тұрып кешірім сұраймын. Негізі ерекше баланың анасы болу батырлық қой. Ол 30 минуттық әңгіменің тек 3 минуты ғана. Бізді көріп отырған адамдардың да көңіліне кірбің түсірсек, кешірім сұраймыз. Ниетіміз түзу болған еді», – деді ол.

Кешірімі ретінде ерекше баласы бар әйелге және отбасына Меккеге жолдама сыйлады.

Еске салайық, Сабырбектің трансформациялық трениңдерінің бірінде айтқан сөзі желіде қатты талқыланды. Оның түсіндіруінше, әйел күйеуін менсінбегендіктен ерекше балалар туатын көрінеді. Бұл сөзге ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналар қатты ашуланды. Kursiv Media тілшісі коуч сөзіне этика тұрғысынан талдау жасаған, материалды мына жерден оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз