Крещение рәсімі кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
купель иордань
Азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтағаны жөн/фото: shutterstock

Астанадағы православ шіркеулерінде 18-19 қаңтарда Крещение рәсімі өтеді.

Рәсім кезінде шомылуға болатын арнайы орындар бекітілген. Суға 18 қаңтар сағат 20:00-ден 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін түсуге болады.

Төтенше жағдайлар департаменті діни рәсім кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райын ескеруге шақырды.

Шомылатын жерлерде мына ережелерді ұстанған жөн:

  • ойық маңында 3 адамнан аспауы керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсуге болады;
  • суға кірмес бұрын денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін ыстық шай ішіп, жылы киініңіз;
  • суға түскен кезде денсаулығыңыз нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнындағы кезекші дәрігерлерге жүгініңіз.

Сондай-ақ балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Арнайы бекітілген жерден басқа маңда суға түсуге тыйым салынған.

Мұзды суға секіріп түсуге болмайды. Сондай-ақ ішімдік ішпеген жөн.

Астанада рәсім өтетін жерлерді мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз