
Астанадағы православ шіркеулерінде 18-19 қаңтарда Крещение рәсімі өтеді.
Рәсім кезінде шомылуға болатын арнайы орындар бекітілген. Суға 18 қаңтар сағат 20:00-ден 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін түсуге болады.
Төтенше жағдайлар департаменті діни рәсім кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райын ескеруге шақырды.
Шомылатын жерлерде мына ережелерді ұстанған жөн:
- ойық маңында 3 адамнан аспауы керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсуге болады;
- суға кірмес бұрын денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін ыстық шай ішіп, жылы киініңіз;
- суға түскен кезде денсаулығыңыз нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнындағы кезекші дәрігерлерге жүгініңіз.
Сондай-ақ балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Арнайы бекітілген жерден басқа маңда суға түсуге тыйым салынған.
Мұзды суға секіріп түсуге болмайды. Сондай-ақ ішімдік ішпеген жөн.
Астанада рәсім өтетін жерлерді мына жерден көруге болады.