
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев 2024 жылға 528,6 млн теңге қосымша табысын декларация ретінде тапсырған. Бұл ақшаны қайдан тапқанын депутат Мәжіліс кулуарында журналистерге айтып берді.
Ерлан Барлыбаев Мәжіліске келер алдында он шақты жыл бұрын бір бизнесті сатып алғанын, оны 2024 жылы сатып жібергенін айтты.
«Шулап жатқандарына таңғалдым. Мұны мен осында келгенде тапсырған декларациямен салыстыру керек. Барлығы ашық қой. Оның үстіне мен өмір бойы бизнеспен айналысқан адаммын. Менде бұдан да ірі бизнес түрлері болған, оны да сатқанмын. Менің түсінігімше, адамдар табысқа қуануы керек. Ал бізде неге екені белгісіз шу көтерілді. Бәрі айналасындағылардың кедей болғанын қалайды. Өкінішке қарай, бұл дұрыс емес», – деп түйіндеді депутат.
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев 2024 жылға 528,6 млн теңге көлемінде қосымша табысын жариялады. Бұл көрсеткішке парламентарийдің ресми жалақысы кірмейді. Барлыбаев 2016 жылдан бері депутаттық орынды иеленіп келеді, 2021 жылы VII шақырылым мандатын алған. «Ақ жол» партиясының мүшесі.