Lifestyle

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Түркістанда сабақ береді

Майра Мұхамедқызы опера әншісі
фото: Майра Мұхамедқызы / Facebook

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы жаңа жылдан бастап Түркістан қаласында дәріс оқиды. Халық әртісін Ахмет Ясауи университеті шақыртты. Бұл туралы Kursiv.Media оқу орны таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Әнші университеттің Өнер, медиа және дизайн факультеті «Орындаушылық өнер» кафедрасында студенттерге сабақ береді. Майра жастарға кәсіби орындаушылық шеберліктің қыр-сырын үйретеді. Бұған қоса, шеберлік сағаттар өткізеді.

«Бұл – оқу ордамызда білім алушы өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосары анық», – деп таратты университет.

Майра Мұхамедқызы опера әншісі
фото: ayu.edu.kz

Түркістандағы университет ректоры Жанар Темірбекова опера әншісінің халықаралық деңгейдегі маман дайындап шығатынына сенімді. Ол Майраны ұжыммен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Майра Мұхамедқызы – Халық әртісі, Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш опера әншісі. Ол Қытайда туып, 1994 жылы тарихи Отанына оралған.