
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Самұрық-Қазына» компаниясының менеджментіндегі ЖИ-директордың статусына баға берді. Агенттіктің мәлімдеуінше, ЖИ тәуелсіз директор статусына сай емес. Бұл туралы агенттікке сауал жіберген Инвесторлар қауымдастығы жазады.
ҚНРДА «Акционерлі қауымдастық туралы» заңға сілтеме жасайды. Құжатқа сәйкес, директорлар кеңесінің мүшесі тек физикалық тұлға болуы керек. Бұл талап барлық АҚ-ға таралады. Яғни «Самұрық-Қазына» холдингінде тек физикалық тұлға директор болуы керек.
Ал SKAI атты ЖИ-менеджер тәуелсіз директор статусына сай емес. Тәуелсіз директор болу үшін кәсіби пайымдау, жеке және фидуциарлық жауапкершілігі болуы тиіс.
ЖИ-ді директор ретінде тағайындау үшін Қазақстан заңнамасына сай болу керек, «Самұрық-Қазынаның» корпоративтік басқару кодексінің оған құзіреті жетпейді дейді агенттік өкілдері. Агенттік атап өтуінше, «Самұрық-Қазынаның» Кодексінде де ЖИ-ді тәуелсіз директор ретінде бекітетін пункттер де жоқ.
Бұл мәселе өткен жылдың күзінде «Самұрық-Қазынаның» менеджментіндегі «жаңашылдықтан» басталған еді. 2 қазанда холдинг Тоқаевқа директорлар кеңесінде виртуалды ЖИ-мүшені таныстырған. Жаңа мүшені SKAI деп атады.
Тіпті премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ЖИ-директормен жиналыс өткізіп те үлгерді.
Дегенмен сарапшылар директорлар кеңесінің құрамына ЖИ қатысуы қаншалықты заңды деп қауіп білдірген еді.