Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап қайтыс болды
Жарияланды

Шымкенттегі Шымсити ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде 16-қабаттан ер адам құлағаны туралы ақпарат шықты. Оқиға орнынан тараған видеоға қарағанда, ол тіл тартпай қайтыс болған.
Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.
«Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін, Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің бірінен зейнеткердің денесі табылған.