
Шымкенттегі Асқаров көшесі мен Мангелдин көшесінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды.
Бейресми мәліметке қарағанда, қария шылым тұқылы төсекке тиіп, одан шыққан түтінге тұншығып қайтыс болуы мүмкін. Оқиға орнына полициямен бірге төтеншеліктер де шақырылған.
Аталған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Адамның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде» делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін, Жезқазған қаласында театр ғимараты өртенгенін жазғанбыз.