Жаңалықтар

Түркістан облысы қыс ортасында егін салды

егістік егін Түркістан облысы
фото: gov.kz

Түркістан облысы қыстың бел ортасында егін салу науқанын бастап кетті. Қазақстанның ең оңтүстігінде орналасқан Мақтаарал ауданындағы шаруалар қызылша мен қырыққабат екті. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Мақтааралдық шаруа Шағыр Күшербаев ас үй қызылшасын заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы өсіруді көздеп отыр. Алғашқы өнім сәуір айында пісіп жетіледі.

Сонымен бірге осы ауданда жақын арада қырыққабат егу жұмыстары да басталады.

қырыққабат
фото: gov.kz

«Көкөністің осы түрі де ерте пісетін дақылдардың қатарына жатады және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім», – деп есептейді облыс әкімдігі.

Мақтаарал биыл жалпы көлемі 60,3 мың гектар егістік алқапты игеруді көздеп отыр. Соның ішінде 1405 гектар жерге ерте пісетін көкөніс дақылдары отырғызылады.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 919 мың гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық.

Бұған дейін Kursiv.Media 2025 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы 200 тонна лимон жинағанын жазған.