Үкімет жер қойнауын зерттеуге 240 млрд теңге бөледі

Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі.
2025 жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленген.
Енді үш жылда осы жобаларды жүзеге асыруға, аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағын сейсмикалық барлауға 240 млрд теңге бағытталады.
Айта кету керек, кейінгі 15 жылда бұл жұмыстарға 469 млн доллар салынған.
«Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді», – делінген ақпаратта.
Мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындары анықталуы мүмкін алаңдар анықталған.
«Аз зерттелген мұнай-газ перспективалы – Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», – деп хабарлады Үкімет.
Одан бөлек геологиялық деректер цифрландырылады.