Депутаттар Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын қарайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заңының жобасын жұмысқа алды.

Заң жобасы Алатау қаласының экономикалық, тенхнологиялық, ғылыми білім беру, сауда және инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған.

«Алатау қаласын дамытуға салынатын инвестициялардың кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын арттыруға, «ақылды қала» құру және Алатау қаласының экономикалық дамуы мақсатында ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, технологиялық инновацияларды заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануға бағытталған», деді Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасы 5 тараудан, 65 баптан тұрады. Депутат Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасын қарауға дайын екенін айтты.

Еске салсақ, Қазақстандағы Alatau Smart City қаласының құрылысына Корей компаниясы қатысады.

Алатау – Қазақстандағы алғашқы ақылды қала болмақ. Алматымен екі араны жалғау үшін әуе таксилері де қосылады деген жоспар бар.

Сондай-ақ оқыңыз