Жаңалықтар

Қазақстанда сайлау туралы Конституциялық заң өзгереді

Сайлау туралы заң өзгереді / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізіледі. Мәжіліс депутаттары Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын жасақтады.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева бірлескен комиссия құрамында кімдер болатынын мәлім етті.

«Мәжілістің жалпы отырысында дауыс беру қорытындысы бойынша бірлескен комиссия құрамына депутаттар Марат Башимов, Мұрат Ергешбаев, Снежанна Имашева және Үнзила Шапақ енді», – деп мәлімдеді депутат.

Еске салсақ, 2025 жылдың құркүйегінде депутаттар тиісті заң жобасын жұмыс тобына қабылдаған болатын.

Заң жобасы мынадай өзгерістерді көздейді:

  • Мәжіліс депутаттығына 1 кандидатты 1 сайлау округінен артық сайлау округінде ұсынуға тыйым салуды;
  • бір адамды бір мезгілде маслихаттың бір мандаттық округтері бойынша ұсынуға да тыйым салуды;
  • әкімге кандидаттың сайлау қорын құру;
  • президенттікке, әкімге, депутаттыққа, сайлау комиссия мүшесіне кандидаттарға ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша соттылығының болмауы бойынша да талаптарды күшейту және т.б. мәселелерді реттеуді көздейді.