Air Astana бұрынғы қызметкерлерінің үкіміне қатысты түсініктеме берді

Air Astana әуекомпаниясы FlyАrystan компаниясының бұрынғы қызметкерлері — Дәуір Есенұлы, Еркін Исанов және Ренат Әбілхановтың қаржылық бұзушылықтары туралы ісі бойынша Алматы аудандық сотының шығарған үкіміне түсініктеме берді.
Сот бұл оларды аса ірі мөлшерде қаржы ұрлағаны және ұрланған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп тапты. Оларға жаза ретінде 8,5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалды.
«Бұл үкім Air Astana ішкі тексеру қорытындыларын растайды, оның барысында бұзушылықтар анықталды және құқық қорғау органдарына жүгінуге негіз болды», — деп атап өтті авиакомпанияда.
Сот талқылауы барысында істің барлық мән-жайлары егжей-тегжейлі зерделенді.
«Сот анықталған әрекеттер заңға қайшы болды деген қорытындыға келді. Бұрын қоғамдық кеңістікте пайда болған істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейтін Ренат Әбілхановтың интерпретациялары расталмады», – деп толықтырды Air Astana.
Компания өз қызметінде ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануды жалғастыратынын және акционерлердің мүдделері мен іскерлік беделін тек қолданыстағы заңнама шеңберінде қорғауға ниетті екенін мәлімдеді.
Әуе компаниясындағы ұрлық 2024 жылғы тексеру барысында анықталған. Сол кезде 1 млрд 54 млн теңге ақша жымқырылғаны айтылған.
2025 жылы ұшақ моторындағы ақау салдарынан Air Astana 25,5 млн доллар жоғалтты. Былтыр қазанда Фостердің қызметтен кететіні мәлім болды. Оның орнына биыл көктемде түрік азаматы Ибрагим Жанлыел келеді.