
16 қаңтардан бастап Алматыда қоғамдық транспорттың жаңа маршруты іске қосылады. Бұл жайлы Қалалық транспорт холдингінен хабарлаған.
«№96 жаңа бағыт жаңа схема бойынша қатынайды: Әуежай – Майлин көш. – Бекмаханов көш. – Шолохов көш. – Жұмабаев көш. – Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойымен – Мөңке би көш. – «Нұркент» мөлтек ауданы», – деп хабарлады холдингтен.
Жұмыс күндері желіге 15 автобус, ал демалыс күндері 13 автобус шығады. Қозғалыс интервалы 12 минутты құрайды.
Еске сала кетейік, Алматыда қоғамдық көлік жолақысын енді банктің мобильді қосымшасы арқылы да төлеуге болады. Жаңа қызмет 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап жұмыс істеп тұр.