Жаңалықтар

Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Елена Рыбакина выиграла у Жасмин Паолини выставочный матч в Мельбурне
фото: kursiv.media архиві

Мельбурн қаласында теннистен Australian Open-2026 турнирінің жеребесі тартылды.

Бірінші айналымдағы матчтар

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (5-нөмірлі себілген) алғашқы айналымда словениялық Кайя Юванмен (97) кездеседі.

Ерлер бәсекесінде Александр Бублик (10) АҚШ өкілі Дженсон Бруксбимен (48) кортқа шығады.

Азиялық іріктеуде wild card иеленген Зарина Диас (285) Australian Open-тегі жолын испаниялық Паула Бадосамен (26) матчтан бастайды. Юлия Путинцева (105) алғашқы айналымда Бразилия теннисшісі Беатрис Хаддад Майямен (59) ойнайды.

Ал Александр Шевченко (104) қарсыласы әзірге белгісіз. іріктеу кезеңінен өткен теннисші немесе lucky loser болуы мүмкін. Қазіргі таңда Шевченко ATP-250 санатындағы Аделаида турнирінде өнер көрсетіп жатыр.

Турнир туралы

Теннистен Аустралияның ашық чемпионаты – хард жабындысында өтетін жыл сайынғы «Үлкен дулыға» турнирі. Биылғы 114-ші Australian Open негізгі кезеңінің матчтары 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Александр Бублик әлемнің үздік 10 теннисшілер қатарына енген еді.