
АҚШ Гренландияның егемендігіне қол сұғуға тырысып, қысым көрсетіп жатқанда, Дания және оның жақтастары аралда әскери күштер санын көбейтіп, жаттығуды жиілетуге кірісті. Бұл жайлы Politico жазады.
Дания Гренландияға қосымша әуе-әскери және әскери-теңіз күштерін, жаяу әскерін орналастырмақшы. Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссон көпұлтты одақтастар тобының құрамында Гренландияға швед әскерлерінің барғанын да хабарлады.
Нидерланды, Канада, Германия және Франция әскерилері де осы шараға қосылмақшы. Германия жаттығуға қатысу үшін әскери қызметкерлерін жібереді. Олар «аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери іс-қимылдардың әлеуетін зерттеуі» керек. Бірақ Канада әскерилері әзірге жаңа операцияны жоспарлап отырған жоқ деп атап өтті елдің қорғаныс министрлігі.
Әскери жаттығуды кеңейту үкіметаралық деңгейде қалып отыр және ол НАТО тарапынан ресми мақұлдау алған жоқ. Алайда Politico дереккөздерінің айтуынша, бұл шаралар Дания мен оның одақтастарының арктикалық жағдайда да әрекет етіп, күшін біріктіре алатынын көрсетеді.
Еске салайық, 11 қаңтарда Дональд Трамп арнайы операциялар қолбасшылығына Гренландияға ықтимал басып кіру жоспарын әзірлеуді тапсырған еді. Ал екі күн өткеннен кейін Конгресс Гренландияны күштеп қосып алу туралы заң жобасын ұсынды.