
Оңайтылған арнаулы салық режимінде (упращенка) жұмыс істей бергісі келетін жеке кәсіпкерлер 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық режимін сақтау туралы өтініш тастауы тиіс. Жеке кәсіпкер өтініш тастамаса, автоматты түрде жалпыға бірдей салық режиміне өтіп кетеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Комитеттің арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңбергеннің айтуынша, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тасталған өтініштер жарамайды.
Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енгендіктен, бұған дейін қоланылған режимдер күшін жоятындықтан, қайта хабарлама жіберу керек. Әр өтініш жеке қаралады. Салық төлеушілерге салық режимін таңдау 450 мыңнан аса хабарлама жіберілген. Қазіргі кезде 4 мыңнан аса кәсіпкерден өтініш түскен.
Жаңа Салық кодексі бойын бұған дейін болған 7 арнайы салық режимінің қатары қысқарып, тек үшеуі қалған. Олар: өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарға арналған режим, арнайы оңтайландырылған режим мен шаруа қожалықтарына арналған режим.
Айына 300 АЕК, яғни 1,3 млн теңгеден аспайтын табыс табатын кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істей алады.
Ал айлық табысы 1,3 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер арнаулы оңтайландырылған режимде жұмыс істей алады. Бұл режимде жұмыс істейтін қызмет бағыттары үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген Жылдық кіріс 100 млн теңгеден асса, еңбекақы төлеу қоры салық салынатын кірістен алып тасталады.
Үшінші режимде фермерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.