АҚШ иммиграция визасын беруді тоқтатқан елдер ішінде Қазақстан да бар болып шықты

2026 жылдың 21 қаңтарынан бастап АҚШ билігі 75 елдің азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға да иммиграция визасын беруді уақытша тоқтатады.
75 елдің арасында Қазақстаннан бөлек Грузия, Иран, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Молдова, Беларусь, , Иран бар. Мұндай визалардың қашан қалпына келтірілетіні белгісіз.
Бұл шектеудің туристік, студенттік визаларға, футболдан әлем кубогына берілетін визаға қатысы жоқ. Шешім тек АҚШ-қа көшіп барып, тұруға мүмкіндік беретін иммиграция визасына қатысты шыққан. Әдетте АҚШ-тың грин-картасын алғандар алдымен иммиграция визасына тапсырып, сол арқылы Америкаға көшіп барады.
АҚШ мемлекеттік департаменті бұл шешімді «шетелден келетін азаматтардың әлеуметтік және мемлекеттік жеңілдіктерді пайдалануды тоқтату үшін шығарылғанын» хабарлаған.
АҚШ Мемлекеттік Департаменті 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатқаны бұған дейін хабарланған. Бұл шешім өтініш берушілерге бақылауды күшейту шеңберінде қабылданды.