
Астана қаласында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырылады. Бұл туралы Kursiv.Media шаһар әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Жұмыссыз жүрген астаналықтарға арналған жәрмеңке 4 ақпанда «Астана-Тұран» университетінің ғимаратында өтеді.
«Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді», – деп таратты елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қатысушылар түрлі салалар бойынша тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныса алады.

Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметінше, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6%. Астана қаласындағы көрсеткіш одан сәл төмен – 4,3%.