Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс орындары салынады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
автобус Алматы
Фото: Kursiv.media архиві

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар арнайы аялдамалар салынады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жаңа алаңдар бірнеше маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, автобустардың жол жиегінде бейберекет тоқтап тұруының алдын алып, жүргізушілердің демалуына қажетті жағдай жасалады. Бұл қоғамдық көліктегі жол қауіпсіздігін арттыруға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға оң әсер етеді.

Қазіргі таңда Көктөбе шағынауданында екі маршрутқа қызмет көрсететін, жалпы 47 автобус шығатын соңғы нүкте ретінде пайдаланылатын тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы толық аяқталған.

Бұдан бөлек, қаланың әртүрлі аудандарында биыл пайдалануға берілетін тағы үш тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған 16 алаң бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз