Ақтөбеде жолда қалған 46 шетелдікті полиция құтқарды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ақтөбеде жолда қалған 46 шетелдікті полиция құтқарды / Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері қатты аязда трассада қалған шетелдік азаматтар тобына көмек көрсетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Оқиға Қарабұтақ – Қостанай автожолында болды. Екатеринбург (Ресей Федерациясы) – Тәжікстан Республикасы бағытымен жүретін VAN Hool жолаушылар автобусы жол жиегінде тоқтауға мәжбүр болды. Себебі дизель отынының қатып қалуына байланысты қозғалтқыш тоқтаған.

Тексеру барысында автобуста екі жүргізушіні қосқанда 46 адам болғандығы анықталды. Жолаушылардың арасында бес әйел мен бес бала бар, олардың барлығы шетелдік азаматтар.

Полиция қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде адамдарды Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы ауылдың орталық мешітінің ғимаратына уақытша орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар анықталған жоқ.

Полиция жүргізушілерге кетер алдында ауа-райының жағдайын ескеру, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру және қолайсыз ауа-райы кезінде ресми ақпаратты қадағалау қажеттігін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз