Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткендердің жайы не болды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
ТЖД отбасы мүшелерін үш күн бойы іздеген/фото: kursiv.media

Атырау облысының құтқарушылары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы мүшелерін іздеуді полициядан жаңа сұрау түскенге дейін тоқтатты. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Айтуынша, іздеу жұмыстары 3 қаңтарда басталып, үш күнге созылған. Құтқарушылар жергілікті полиция сұрауы бойынша төрт адамды іздеген. Екі мәйіт табылғаннан кейін отбасының ұлы мен қызын іздеу жұмыстары полициядан жаңа ресми сұрау келгенге дейін тоқтатылған.

«Полиция департаменті сұрау салған жағдайда іздеуге кірісіміз, алайда олардан ешқандай хабар келмеді. Қазір төтенше жағдайлар департаменті екі адамды іздестіріп жатқан жоқ», – дейді Демешов.

Басқарма жоғалғандарды іздеу полициядан жаңа ресми сауал келген жағдайда жалғасатынын атап өтті. Қазіргі уақытта полиция депарламенті өз тарапынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Отбасының ұл-қыздары Мейрамгүл және Наурыз Мұқанғалиевтен әлі күнге дейін хабар жоқ.

Отбасының кенжесі Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланған

Бұған дейін KursivMedia тілшісі оқиға болған Жангелдин ауылына барып, оқиғаның мән-жайын біліп көрді.

Сондай-ақ оқыңыз