Жаңалықтар

Атырауда құтқарушылар жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен екі адамды іздеуді тоқтатты

ТЖД отбасы мүшелерін үш күн бойы іздеген/фото: kursiv.media

Атырау облысы құтқарушылары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы мүшелерін іздеуді тоқтатты. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешев айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Айтуынша, іздеу жұмыстары 3 қаңтарда басталып, үш күнге созылған. Құтқарушылар жергілікті полиция сұрауы бойынша төрт адамды іздеген. Екі мәйіт табылғаннан кейін отбасының ұлы мен қызын іздеу жұмыстары тоқтатылған.

«Полиция департаменті сұрау салған жағдайда іздеуге кірісіміз, алайда олардан ешқандай хабар келмеді. Қазір төтенше жағдайлар департаменті екі адамды іздестіріп жатқан жоқ», – дейді Демешев.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Отбасының ұл-қыздары Мейрамгүл және Наурыз Мұқанғалиевтен әлі күнге дейін хабар жоқ.

Отбасының кенжесі Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланған

Бұған дейін KursivMedia тілшісі оқиға болған Жангелдин ауылына барып, оқиғаның мән-жайын біліп көрді.