Бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа пәтер мен Land Cruiser 300 көлігін сыйлады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: instagram

Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін сыйға тартты. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шара барысында Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Астана қаласынан берілген 3 бөлмелі пәтердің кілті мен жол талғамайтын көлікті Қайрат Сәтжановтың өзіне табыстады.

Сондай-ақ, Қайрат Сәтжанов Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжанов Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылған еді. Оның жетекшілігімен өткен жылы ұлттық құрама Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз