«Мектептерде адам өлтіру» туралы хабар шымкенттіктердің үрейін алды

Жарияланды
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

16 қаңтарға қараған түні әлеуметтік желіде тараған Шымкенттегі мектептерде адам өлтіру туралы хабар жұрттың үрейін алды.

«Жақын арада… 16 қаңтар шымкенттіктердің есінде мәңгі қалады. Біз мектептерде жаппай адам өлтіргіміз келеді. Мен барынша көп адам өлтіруге тырысамын. Біз бұған жылдан аса уақыт дайындалдық» делінген хабарламада телеграмм каналының сілтемесі мен суық қарудың суреті қойылған. Дегенмен телеграмм канал ашылмай жатты. Бұл ақпараттан шошынып, үрейленген ата-аналар балаларын мектепке жібермейміз деп даурықты.

Көп өтпей түнделетіп қалалық білім басқармасы мен қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

«Мессенджерлерде мектептерде қылмыс жасалуы мүмкін деген жалған ақпарат таралуда. Аталған хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай қауесеттерге сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз» деп хабарлады полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция департаменті тексеру жүріп жатқанын, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жағдай толық бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Қылмыс жасауға дайындық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін» ескертіп сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Ал қалалық білім басқармасы жлеуметтік желілерде таралған «баланың өміріне қауіп төніп тұр» деген ақпаратты шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз