Елде сот сарапшыларын аттестациядан өткізу талаптары өзгеруі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұйрық жобасы 30 қаңтарға дейін талқыланады/фото: Айгерім Таубай

Елде сот сарапшыларын жаңа ережелер бойынша аттестациядан өткізу ұсынылып отыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталындағы бұйрық жобасында жазылған.

Әділет министрлігі ашық талқылауға шығарған құжатқа сәйкес сот сарапшысы біліктілігін растайтын емтиханға өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ мамандарды аттестациядан өткізу қағидалары өзгереді.

Өзгеріс қазір қойылып отырған талаптардың маңызын арттыруға, кеткен қателіктерді жоюға, ережелерді қазіргі тәжірибеге сәйкестендіруге бағытталған.

Осылайша министрлік жаңа ережелерді пилоттық жоба нәтижесін ескеріп қана енгізуді ұсынып отыр. Бұйрық жобасы аттестаттаудың автоматтандырылған екінші кезеңін нормативтік тұрғыдан бекітуді, аттестациядан өту кезеңдерін, шарттарын айқындауды қамтиды.

Сондай-ақ аттестациядан өту кезінде қолданылатын порталға қойылатын талаптар бекітіледі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер арасындағы құқықтық қайшылықтар жойылады.

Құжат жобасы 30 қаңтарға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыз