
Актер Мұрат Бисембиннің қызы жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Әкесінің өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде естелікпен бөлісіп, ауыр қайғысын жеткізді.
Марқұм актерге қатысты желі қолданушылары да көңіл айтып, көптеген жылы пікір қалдырды.
«Мәңгілік жадыда қалады, тұтас бір дәуірдің үні мен аңызы», «үздік актер, жақсы әке… Аңыз», «Иманды болсын», «Диана, сабыр тілейміз, бұл қайғыны ешкім толық түсіне алмайды» деген сынды пікірлер жазылды.
Еске сала кетейік, 8 қаңтар күні «Рэкетир» фильмінің жұлдызы, танымал актер Мұрат Бисембин 53 жасында дүние салды. Бұған дейін оның қатерлі ісік дертіне шалдыққаны белгілі болған. Кейін инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған еді.